Бұл суреттер қола дәуірінен бастап этнографиялық уақытқа дейін жартастарға қашап салынған. Археологтардың айтуынша, петроглифтер әскерилердің «дембельдік альбомына» айналып барады. Себебі, Аққайнар әскери полигонға жақын орналасқан.

«Петроглифтер — тарихтан сыр шертетін мұра, өкінішке қарай, бұл жер қоқыс алаңына айналды. Сонымен қатар мұнда көп адам естелік жазба қалдырғысы келеді. Жартастарға әлдекімдердің аты-жөні, махаббат туралы ойлары жазылған», — деді «Бекен ата» қорының директоры Бекбол Нұрмұханбетов.
Ал осы петроглифтер ғылымын дамытумен айналысатын Ольга Гумирова бұл жартастардағы суреттерді сақтап қалу үшін жасалып жатқан шаралар жайлы айтты.
«Қазір біз аталған мәселені Мәжіліс депутаттарына жеткізіп, Қорғаныс министрлігімен байланыс орнаттық. Әскери қызметтегілер тек елді қорғап қана қоймай, табиғатты да қорғайды деп үміттенеміз», — деді Ольга Гумирова.





