Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы медициналық туризм: облыстық ауруханада 250-ден астам шетелдік пациент емделді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында 2024 жылы 225 шетелдік азамат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алды. Бұл қазақстандық медицинаға деген сенімнің жоғары деңгейін және біздің мамандардың біліктілігін көрсетеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.02.2025
Аймақ, Алматы облысы

Науқастардың арасында Түркия, Үндістан, Пәкістан, Қытай және Америка азаматтары болды. Олардың барлығы дәрігерлердің кәсібилігі мен қызмет көрсетудің жоғары деңгейде екенін атап өтіп, емдеуге риза болды.

Мысалы, Түркиядан келген пациенттің жүрегіне жоғары технологиялық әдіспен ота жасалды. «Мен мұндай сапалы қызмет аламын деп күткен жоқпын және дәрігерлер тобына өте ризамын», — деді ол.

Үндістаннан келген жүкті әйелге (36 апта) дәрігерлер шұғыл түрде кесарь тілігі операциясын жасап, нәрестені SIPAP аппаратының көмегімен аман алып қалды.

«Мен өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін және белсенді өмірімді жалғастыруға дайынмын, менің балам да өзін жақсы сезінеді», — деді ол.

Пәкістан мен Қытайдан келген пациенттер бізде көрсетілетін медициналық көмекті қолжетімді әрі сапалы екенін алға тартты. Олар әсіресе медициналық қызметкерлердің мұқият қарым-қатынасын атап өтті.

Тіпті Америкадан Алматыға туристік мақсатта келген пациенттер де аурухананың медициналық сервисі туралы оң пікір қалдырды.

«Мені қалай қарсы алғанына және маған дәрігерлердің қаншалықты көңіл бөлгеніне таң қалдым. Өкінішке орай, мен велосипедтен құлап қалған едім. Маған сапалы медициналық көмек көрсетті», — деп ойымен бөлісті.

Қазақстанда біз әрбір пациентке сапалы медициналық көмек көрсете отырып, жайлы атмосфера сыйлауға ұмтыламыз. Мұндағы медициналық туризм — денсаулығыңызды жақсартумен қатар еліміздің бірегей мәдениеті мен сұлулығын көруге мүмкіндік береді.

Егер сіз Қазақстанға медициналық турды жоспарласаңыз, біліңіз — біз сізге көмектесуге әрқашан дайынбыз.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz