Әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта іске асып жатқан «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірлік саясаттың басты бағыты ауылдық аумақтарды цифрландыру екенін атап өтті.
«Біздің мақсат – Қонаевта немесе шалғай ауылда тұратын әрбір тұрғынның заманауи цифрлық сервистерге тең қолжетімділігі болуы. Интернет – бұл жай ғана байланыс құралы емес, ол бизнесті, білімді және өмір сапасын дамытудың негізгі тетігі», – деді ол.
Әкімдік дерегінше, 261 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылған. Ал 330 ауылда 4G мобильді интернет жұмыс істеп тұр.
Жобаның жүзеге асуы өңірде «ақылды» бейнебақылау жүйелерін, онлайн-білім беру мен телемедицинаны енгізуге жол ашады.





