Ауқымды капиталдың ішінде шетелдік инвестиция көлемі 1,5 есеге өсті. Инвестиция тарту бойынша өңір ел көлемінде тоғызыншы орынға шыққанын облыс әкімдігі атап өтті.
Тек бірінші тоқсанда облысқа 210,7 млн доллар тікелей шетелдік инвестиция келген. Оның жартысынан астамы өңдеуші өнеркәсіпке бағытталған.
2030 жылға дейін өңірде жалпы құны 7,3 трлн теңгені құрайтын 221 жоба жүзеге аспақ. Бұл шамамен 84 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
2025 жылы облыста 35 жаңа кәсіпорын іске қосылмақ. Олардың қатарында:
LC Waikiki логистикалық орталығы,
«Шин Лайн» балмұздақ фабрикасы,
Sokol автодромы бар.
Биылдың өзінде төрт нысан жұмысын бастап, 540 адамды жұмыспен қамтыды. Оның ішінде «Gas Line» тас кесу және өңдеу зауыты мен KT&G темекі өнімдері өндірісі бар.
2025 жылға облысқа жоспарланған инвестиция көлемі 1,35 трлн теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 23%-ға көп. Қазіргі қарқынға қарай, Алматы облысы жоспарды артығымен орындауды көздеп отыр.





