Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жүректі импланттаудан шеберлік сабағы өтті

Оған аритмолог-дәрігер Қанат Ергешев, бағдарламашы-менеджер Нұрдәулет Сүлеймен жетекшілік жасады.

02.11.2023
Аймақ

Импланттау сабағы Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасының эндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Орынбасар Тайманұлының қатысуымен өтті. Мұнда ауыр, созылмалы жүрек жетіспеушілігіне шалдыққан екі науқасқа CRT-D және ICD импланттау жүргізілді. Ота сәтті өтіп, қазірде науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Олар үйлеріне шығаруға дайындалып жатыр.

«Қазіргі таңда созылмалы жүрек жетіспеушілігі кардиологияның маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Жыл сайын бұл дертпен 100 000 адамға шаққанда 5-8 жаңа жағдайы кездеседі. Әлем бойынша жылдағы өлім көрсеткіші 7-14%. Науқастарды емдеудің негізгі қағидасы – өмірді ұзарту және оның сапасын арттыру. Өкінішке орай, барлық дәрі-дәрмектерді қабылдаған кездің өзінде, пациенттердің жағдайын жақсарту үнемі мүмкін емес болып жатады. Бивентрикулярлы кардиостимулятор деп аталатын бұл құрылғы микросхемалар мен батареядан тұрады», – деді  аритмолог-дәрігер Қанат Ергешев.

Статистикаға сүйенсек, жылына АҚШ-та 400 000, Ресейде 52 000-ға жуық, Қазақстанда 5 600 импланттау жүргізіледі. ТМД көрсеткішіне сүйенсек, дилатациялық кардиомиопатия имплантациясы жылына 100 000 адамға шаққанда 28-30 адамда кездеседі. Ал АҚШ-та 130 факті тіркеледі.

Айта кетерлігі, бұрын хирургиялық жолмен емдеудің бұл түрін алу үшін науқастар республикалық емханалардың немесе ірі медициналық мекемелердің мамандарына жүгініп, отаны ұзақ күтетін.

Қарасай ауданында CRT-D және ICD импланттау технологиясы енгізілгелі бері тұрғындар міндетті медициналық сақтандыру аясында уақтылы, сапалы медициналық қызмет алып отыр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта Наурызға орай экологиялық акция өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматы облысында 367 саяжай елді мекен құрамына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Бектенов Үкіметке жаңа конституциялық заңдарды әзірлеуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматыда Санжар Бокаев ұсталды: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz