Алдын ала мәлімет бойынша, автокөлік жүргізушісі жабық тосқауылға қарамастан, оны айналып өтіп, рельске шыққан. Сол сәтте жүк пойызы жақындап келе жатқан. Машинист шұғыл тежеуді қолданғанымен, пойыз көліктің артқы бөлігін соғып өтті.
«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жол мен өткел инфрақұрылымына зақым келмеген. Дегенмен, локомотивтің автоқосу тұтқасы майысып қалған», – деп мәлімдеді ҚТЖ өкілдері.
Пойыз 20 минуттық кідірістен кейін қозғалысын қайта жалғастырды. Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат құқық қорғау органдарына жолданды.





