Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жолда көкпар ұйымдастырғандарға қатысты үкім шығарылды

Алматы облысының Қарасай аудандық мамандандырылған соты жолда көкпар ұйымдастырған бес адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарады.

26.11.2022
Аймақ

Олар Қазақстанның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда балағат сөздер айту) айыпталды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сотта ағымдағы жылдың 21 қарашасында кешкі сағат 21.00 шамасында бес азамат Райымбек кентінің жанындағы Алматы-Бішкек республикалық тас жолында көкпар (ат ойыны) ұйымдастырып, айналасындағыларға құрметсіздік білдіріп, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны анықталды.

Сотта қылмыскерлер кінәні толық мойындады, жасаған ісіне өкініп, барлық жәбірленушілерден кешірім сұрады және қатаң жаза қолданбауды сұрады.

Барлық құқық бұзушылардың кінәсі іс бойынша жиналған материалдармен дәлелденді. Сот процеске қатысушылардың түсіндірмелерін тыңдап, іс материалдарын зерттеп, мынандай қорытындыға келді.

Сот қаулысымен олар ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және олардың әрқайсысына 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: көкпар

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz