Оқиға «Алматы–Бішкек» автожолының 19-шы шақырымында болған. Полицияның мәліметінше, жол апатына қатысты қылмыстық іс тіркелді.
«Алдын ала дерек бойынша, 44 жастағы мотоцикл жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, мопедпен соқтығысқан. Кейін инерциямен қозғалып, FAТ маркалы жүк көлігіне ұрынған», – деп хабарлады ведомство.
Апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Оның жолаушысы және мопед жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу амалдары басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.





