Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жер сілкінісі болуы мүмкін 3 эпицентр бар

Бұл жайлы бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты басқарманың аға инженері Ерназар Қырғыз айтты.

27.02.2023
Аймақ

Маманның айтуынша, Алматы облысы таулы аймақта орналасқандықтан еліміздегі сейсмикалық қауіпті аумақтардың қатарына кіреді.

«Бұл өңірде жер сілкінісі болуы мүмкін 3 эпицентр бар. Олар: Кеген ауданының Күрметі ауылынан батысқа қарай 10 км, Райымбек ауданының Сарыжаз ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км. Мұнда қуаттылығы 9 балға дейін күшті жер сілкіністері болуы мүмкін», — деді аға инженер.

Сондай-ақ маман Балқаш ауданында 7 балдық, Жамбыл ауданы мен Қонаев қаласында 8 балдық жер сілкінісі болуы ықтимал екенін айтты.

«Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС деректеріне сүйенсек, облыс аумағында жыл сайын 400-ге дейін жер дүмпуі тіркеледі. Айта кетерлігі, облыста сейсмологиялық бақылау жүргізу үшін 26 станса жұмыс істеп тұр. 2019 жылдың сәуір айынан бастап департамент жұртшылыққа төтенше жағдай туралы жедел ақпарат тарату үшін «DARMEN» мобильді қосымшасын қолданысқа енгізді. Облыста 201 құлақтандыру (сирена) құрылғысы орнатылған», — деді Ерназар Қырғыз.

Бұдан бөлек, ТЖД маманы жақында Алматы облысы аумағының сейсмикалық қауіптілігін бағалау және егжей-тегжейлі сейсмикалық аудандастыру карталарының жиынтығы жасалатынын айтты. Бұл құжат өңірде құрылыс жүргізудің жаңа нормативін қалыптастыру мақсатында қолданылады.

Тегтер: Алматы облысыжер дүмпуіТЖД

Соңғы жаңалықтар

Новый историко-краеведческий музей открыли в селе Баканас

Николай Иващенко
09.03.2026

Специализированная кардиологическая помощь без границ: первые операции по стентированию успешно проведены в Енбекшиказахской МЦРБ

Николай Иващенко
09.03.2026

150 га земель возвращены в госсобственность в Алматинской области

Николай Иващенко
09.03.2026

Проверьте себя в списке избирателей: информация для жителей Алматинской области

Николай Иващенко
09.03.2026

Алматинской области усилены профилактические рейды по безопасности на льду

Николай Иващенко
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz