Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2 ақпанда Райымбек ауылдық округі әкімдігінде Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылындағы шаруа қожалығы аумағында оқиға туралы хабарлама түскен.
«Туыстары жеке тұрғын үйден төрт адамның мәйітін тапқан. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өлім себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деді ТЖД өкілі.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ полиция департаменті қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар жеткізілді.
Қазіргі уақытта марқұмдардың өлім себептері анықталған жоқ. Кейбір БАҚ-та олардың бір отбасының мүшелері екені туралы ақпарат тараған.





