Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жатақханалардың жағдайы нашар

Алматы облысындағы коллеждерге тиесілі жатақханалардың бірінде интернет қосылмаса, енді бірінде студенттер ескі-құсқы көрпе-жастық жастанып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
12.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам
Фото: «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Фото: «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

AMANAT партиясының белсенділері 1986 жылы пайдалануға берілген Санжар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік техникалық колледжіне мониторинг жүргізді. 300 орынға шақталған студенттер үйі 38 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Бүгінде мұнда 50-ге тарта студент тұрады.

«7 мамандық бойынша 600-ге тарта шәкіртке кәсіптік білім беріп отырған іргелі мекеменің жәй-күйі сын көтермейді. Жатақхана қабырғаларының сылағы түсіп, ас үй мен тазалық бөлмелерінің тозығы жетіп тұр. Су жүйелерінің де жағдайы тым нашар. Оған қоса қаланың қақ ортасында тұрып интернет желісіне қосылмаған», – дейді облыстық мәслихат депутаты Әсел Заирова.

Ал колледж директорының айтуынша, білім ордасында интернет бар, тек жылдамдығы нашар екенін айтып ақталды.

«Интернеттің жылдамдығы төмен. Сондықтан ашылмай тұрған шығар. Ал былай интернет бар. Материялдық база да бәрі бар. Бірақ жаңартуды қажет етеді. Ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге көптен бері өтінім беріп келеміз. Алайда, қаржы қарастырылмай жатыр», – дейді колледжінің директоры Рустембек Бәкіров.

Маниторниг тобы одан әрі Қаскелең мәдениет колледжіне де аялдады. Мұндағы студенттер үйі 55 жыл бұрын салынған. 2014 жылы күрделі жөндеуден өткен. Алайда, 70 орынға шақталған жатақхана төсектері төрт аяғын зорға тіреп тұр. Төсенішері де ескі, шұрық тесік. Электр жүйесінде де қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Кей жері ашық. Көрпе-кешектің де күй жайы мәз емес.

«Студенттер лас төсеніштерді қолдануға мәжбүр. Біз барған қос мекеменің мүшкіл жағдайы көптен бері айтылып, көтеріліп келеді. Білім басқармасына депутаттық сауал да жолданған болатын. Өкінішке қарай жауап әлі күнге дейін жоқ», – дейді аманаттық депутат Әсел Заирова.

Айта кету керек, алдағы уақытта өңірдегі барлық орта арнайы оқу орындарындағы жатақханалар тексеріле бастайды.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтаржатақхана

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz