Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жарты ғасыр жөндеу көрмеген мектеп жаңаратын болды

Мөлдір Иманмади
11.09.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысы Райымбек ауданы, Қызылшекара ауылындағы К.Байшығанұлы атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мектеп 1979 жылы салынған. Сыйымдылығы – 640 оқушы. Жер телімінің аумағы — 5,2 га, ғимараттың көлемі — 3254 шаршы метрді құрайды. Білім ордасында 38 мұғалім жұмыс істейді.

Аудан әкімінің орынбасары Жанарбек Жантөреұлының айтуынша, мектеп ғимараты осы уақытқа дейін күрделі жөндеу көрмеген.

«Мектеп 1979 жылы салынған. Сол уақыттан бері ешқашан күрделі жөндеу көрмеген. Бүгінгі күні мектептің тозуына байланысты жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Жоба құны — 1 млрд, 600 млн теңге. Мұнда 227 оқушы оқып жатыр. Мектеп жанында шағын орталық жұмыс істейді. Жергілікті тұрғындармен қатар, ауылға жаңа қоныстанушылардың көбеюіне байланысты биылғы оқу жылында бала саны 25-ке артты. Шекара қызметіндегі әскерилердің де балалары осы мектепте оқиды. Сондықтан мектепке күрделі жөндеу жұмыстары өте қажет», — Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Жанарбек Жантөреұлы.

Осы ретте Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс тастады. Ол мектеп ғимаратының ауқымдылығына назар аударып, артық бос тұрған аумақты тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.

«Білім беру мекемесінде оқу процесін тиімді ұйымдастырып, білім сапасын арттыру мақсатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Дегенмен ғимарат өте үлкен. 640 орынға есептелгенімен, оқушылар саны әлдеқайда аз. Сол себепті бос тұрған бөлікті босқа тоздырмай, басқа қажеттіліктерге бейімдеп, халық игілігіне пайдаланған жөн», — деді облыс әкімі.

Жоспарланған жөндеу жұмыстары ауыл тұрғындары үшін маңызды инфрақұрылымдық серпіліс болмақ.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыК.Байшығанұлы атындағы орта мектепкүрделі жөндеуҚызылшекара ауылы

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz