Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жаңа Talgar Eco City қаласын салу жобасы таныстырылды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жаңа Talgar Eco City қаласын салуға жауапты «Talgar Development Ltd» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, жобаның өңір үшін стратегиялық маңызын атап өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Кездесуде өңір басшысы инвесторларға Алматы облысының әлеуетін таныстырып, облыстың ауыл шаруашылығы, туризм және өнеркәсіп салаларында тұрақты өсім көрсетіп келе жатқанын айтты. Сонымен қатар өңірде шетелдік капитал қатысатын ірі жобалардың табысты жүзеге асырылып жатқаны да атап өтілді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ірі инвестициялық жобалардың орындалуын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін бірнеше рет айтты. Біз үшін әр инвестор маңызды. Бизнес жүргізу үшін ашық әрі қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Бұл жоба өңірдің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және озық технологиялардың енгізілуіне ықпал етеді деп сенемін», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Компания өкілі Хайссам Каддура Talgar Eco City жобасының негізгі параметрлерін таныстырып, жаңа қалада:

  • тұрғын үйлер,

  • мектептер мен медициналық нысандар,

  • сауда және ойын-сауық орталықтары,

  • кең қоғамдық жасыл кеңістіктер салынатынын айтты.

Экологиялық талаптарды сақтау, «жасыл» технологияларды қолдану, жасанды интеллект элементтері бар «ақылды» инфрақұрылым құру — жобаның негізгі басымдықтары.

Жоба параметрлері:

  • Қала 180 мың тұрғынға есептелген;

  • Құрылыс аумағы — 11,8 млн шаршы метр;

  • 36 мың жаңа жұмыс орны ашылады;

  • Инвестиция көлемі — 14 млрд АҚШ долларынан асады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев жаңа қала аумағында ғылыми-зерттеу орталықтарын орналастырудың маңыздылығын атап өтіп, бұл Қазақстанның ғылыми-технологиялық әлеуетін күшейтетінін айтты.

Өңір басшысы жобаны жүзеге асыру үшін облыс әкімдігі тарапынан толық қолдау көрсетілетінін, оның ішінде инженерлік желілерді дайындау және сыртқы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелерінде көмек берілетінін жеткізді.

Talgar Eco City жобасының бас жоспары БАӘ-нің AE7 халықаралық компаниясы әзірлеген. Ал биыл шілде айында Астана халықаралық қаржы орталығы алаңында «Dinar Holding Ltd» (Қазақстан) және БАӘ-нің «44Degree» компанияларының қатысуымен «Talgar Development Ltd» бірлескен кәсіпорны құрылған болатын.

Жоба жүзеге асса, Алматы облысында заманауи, экологиялық таза және технологиялық жаңа қала пайда болуы мүмкін.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz