Жалпы сенбілікке 56 437 адам қатысты. Оның ішінде 5 264 мемлекеттік қызметші, 19 561 ерікті және 31 612 жергілікті тұрғын табиғатты қорғау ісіне үлес қосты. Сонымен қатар, тазалық жұмыстарына 32 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды.
Акция қорытындысында 144 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 125 тонна тұрмыстық қалдық жиналды. Барлық қалдықтар арнайы полигондарға жеткізілді.
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, табиғатты аялауға және қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға шақырады. Мұндай шаралар өңір экологиясын жақсартып қана қоймай, ел азаматтарының экологиялық мәдениетін арттыруға да ықпал етеді.





