Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында жаңа мектептер бой көтеруде

Алматы облысында оқушыларға қолайлы және заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бүгінде өңірдің бес ауданында 24 900 оқушыға арналған 26 жаңа мектептің құрылысы басталды. Бұл — облыстың білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

2024 жылы 11 100 оқушыға арналған 9 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, облыстық білім басқармасының балансына өткізілді. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 53-тен 32-ге дейін қысқарды.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мұхамедғаріп Ниязұлының айтуынша, жаңа білім ошақтары толықтай заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Мектептерде физика, химия, биология кабинеттері, компьютер сыныптары, STEM-зертханалар, робототехника кабинеттері бар. Сонымен қатар TOUCH/LED экрандар, заманауи компьютерлер мен интерактивті құрылғылар орнатылған.

Оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін акт залы, медиатека және электронды кітапханалар жұмыс істейді. Мектептердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жаңа автобус бағыттары іске қосылып, аялдамалар салынған.

Қазіргі таңда бұл мектептерде 10 921 оқушы білім алып жатыр. Сондай-ақ, 812 мұғалім мен 394 техникалық қызметкер жұмысқа орналасқан.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ мәліметінше, 2025 жылдың соңына дейін тағы 17 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

«Жайлы мектеп» жобасы – оқушыларға сапалы білім, ал мұғалімдерге жайлы еңбек жағдайын ұсынуға бағытталған маңызды бастама.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz