Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ветеринариялық қауіпсіздік пен экологиялық бақылау күшейтілуде

Алматы облысында ветеринариялық қауіпсіздік пен экологиялық бақылауды қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Қазіргі уақытта өңірде 83 мал көму орны бар. Оның 66-сы – аудандық ветеринария бөлімшелерінің, ал 17-сі – аудан әкімдіктерінің қарамағында.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, 2025 жылы 37 нысанға экологиялық қорытынды берілген. Қалған 46 нысанның құжаттары 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін рәсімделмек. Бұл шаралар ветеринариялық қауіпсіздікті арттырумен қатар, экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

2024 жылдан бері облыста 19 жаңа мал көму орны салынды. Сонымен қатар, 26 нысанның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Бұл жобалар 2026–2028 жылдары іске асырылмақ. «Бұл – өңірдегі мал арасында аурудың таралуына жол бермеу және ветеринариялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыс. Барлық мал өлекселері алдымен ветеринариялық тексеруден өтеді, маманның рұқсатынан кейін ғана көміледі», – деп хабарлады облыстық ветеринария басқармасы.

Айта кету керек, Алматы облысындағы мал көму орындарының басым бөлігі 2005–2013 жылдары салынған. Қазір бұл нысандар кезең-кезеңімен жаңартылып, жаңа экологиялық талаптарға сәйкестендірілуде. Бұл жұмыстар өңірде экологиялық қауіпсіздікті күшейтіп, ауыл шаруашылығы саласындағы санитарлық ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz