Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында вагонда тұрып келген отбасылар анықталды

Алматы облысының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында мобильді топтар әлеуметтік осал отбасылардағы балалардың өмір сүру жағдайларына тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жалпы 12 784 отбасын аралап, Алатау қаласында мүгедектігі барбаланы тәрбиелеп отырған отбасын анықтады. Бала ауыр дертке шалдыққан (Краббе ауруы, ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік), алайда оны емдеуге және лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін отбасы қаржы тапшылығын көрген. Прокуратура мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында отбасына азық-түлікпен көмек көрсетіліп, 3 тонна көмір жеткізілді. Сондай-ақ бала медициналық тексеруден өтіп, облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.

Тағы бір алаңдатарлық жағдай шаруа қожалық аумағында вагонда тұрып жатқан үш кәмелетке толмаған баласы бар отбасы анықталды. Қазіргі уақытта отбасы Қонаев қаласындағы дағдарыс орталығына орналастырылды. Жоба аясында 911 аз қамтылған отбасына азық-түлік, көмір және балаларға қысқы киім түрінде материалдық көмек көрсетілді, 3 978 бала медициналық тексеруден өтті, олардың 164-і ауруханаға жатқызылды, 155 мұқтаж отбасыға атаулы әлеуметтік көмек рәсімделді, 212 бала тұрғын үй кезегіне қойылды, 26 отбасы баспанамен қамтылды, 126 балаларға арналған іс-шара ұйымдастырылды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz