Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ұрлық үш есеге азайды

Алматы облысында мүліктік қылмыстар саны айтарлықтай азайып келеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2024 жылдың бірінші тоқсанында бөтеннің мүлкін ұрлау деректері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,7%-ға төмендеген. Оның ішінде ауыр санаттағы ұрлықтар 45,7%-ға азайып, бұл бағыттағы қылмыстардың ашылу деңгейі де едәуір жақсарған. Атап айтқанда, жалпы ашылу көрсеткіші 7,4%-ға, ал ауыр ұрлықтар бойынша 17,2%-ға өскен.

Мұндай оң динамика жедел-іздестіру шараларының тиімділігімен және халықпен өзара іс-қимылдың жақсарғанымен тікелей байланысты.

Мал ұрлығы да 19%-ға қысқарған. Ауыл шаруашылығы саласының маңызын ескере отырып, бұл бағыттағы қылмыстар ерекше бақылауға алынған. Учаскелік инспекторлар мен мобильді топтардың қатысуымен жүргізілген алдын алу жұмыстары өз нәтижесін беріп отыр.

Сондай-ақ интернет-алаяқтықпен күресте де айтарлықтай жетістіктер бар. Өткен жылы бұл қылмыстардың ашылу деңгейі 20,6% болса, биыл бұл көрсеткіш 52,6%-ға жеткен. Бұл – заманауи технологияларды қолдану, цифрлық іздерді талдау және ведомствоаралық ынтымақтастықтың жемісі.

Аталған көрсеткіштер ішкі істер органдарының жүйелі алдын алу жұмыстарының, деректерге негізделген талдаудың және полиция қызметкерлерінің кәсібилігінің дәлелі. Алдағы уақытта да қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, азаматтардың сенімін арттыру бағытындағы шаралар жалғасын таппақ.

Фото: polisia.kz

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz