Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафоны салтанатты түрде басталды

Алматы облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі салтанатты түрде басталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Таңғы шапақпен бірге Бақанас бағытындағы кең дала төсінде Ұлы даланың рухын, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық бірегейлікті дәріптейтін ауқымды этноспорттық шара өз жалауын көтерді.

Ашылу рәсімі тақырыптық көрмені аралаудан және қатысушы командалардың салтанатты шеруінен басталды. Мемлекеттік Гимн шырқалып, қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ерекше рухани әсер қалдырған сәт – Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың берген батасы болды.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөзінде марафонның маңыздылығын атап өтті:

«Ұлы дала жорығы – бұл жай ғана спорттық жарыс емес. Бұл – ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастықты жалғап, тарихи жадымыз бен ұлттық рухты жаңғыртатын маңызды алаң. Біз осы марафон арқылы ата-бабаларымыздың бай мәдениетін дәріптеп, өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты нығайтамыз», – деді өңір басшысы.

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына сай келетінін атап өтті:

«Ұлттық спорт түрлері мен мәдени мұраны дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. “Ұлы дала жорығы” – қазақ өркениетінің байлығы мен қонақжай дәстүрін әлемге паш ететін бірегей жоба», – деді ол.

Сенатор, «JORYQ» федерациясының құрметті президенті Дархан Қыдырәлі жобаның тарихи маңызын ерекше атап өтті:

«Ұлы дала жорығы – бұл жай ғана бәйге емес, ата-бабалар жүріп өткен жолмен қайта сапар шегетін тарихи экспедиция. Бұл – көшпелі өркениеттің рухын сезіну, уақыттар арасындағы байланысты нығайту және ұлттық мұраны келер ұрпаққа аманаттау», – деді ол.

«JORYQ» федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков қатысушыларға сәттілік тіледі.

Биылғы марафонға 19 команда қатысуда: оның 13-і – Қазақстан өңірлерінен, ал 6 команда шетелден келген. Олар – Оңтүстік Африка Республикасы, Венгрия, Иран, Қырғызстан және Татарстан (РФ). Қатысушылар бес күн ішінде 500 шақырымдық дала жолын еңсеруі тиіс.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz