Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесіне дайындық қызу жүріп жатыр

Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күренбековтың төрағалығымен «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесін ұйымдастыруға байланысты көшпелі жиын өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жиынға аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары мен тиісті департамент өкілдері қатысты.

Қатысушылар жарыстың жоспарланған маршрутымен жүріп өтіп, дайындық барысын пысықтады. Шара қорытындысында жұмыс жоспарына сәйкес нақты тапсырмалар жүктелді.

Айта кетейік, «Ұлы дала жорығы» жобасы 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Алғашқы жорық сол жылы елордамыз Астанадан басталып, Түркістан қаласына дейін 1200 шақырымды қамтыған болатын. Жобаның авторы – Бақытжан Тұрлыбеков.

Биылғы жылы «Ұлы дала жорығы» 2025 жылғы 9–14 мамыр аралығында Алматы облысында өтеді. Марафон-бәйге халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, Ресей, Қырғызстан, Түркия, Иран, Мажарстан және басқа да елдердің шабандоздары қатысады деп күтілуде. Бәйге жалпы ұзындығы 500 шақырымды құрайды.

Бұл халықаралық дода ұлттық спортты дамытуға және оны әлемдік аренада танытуға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz