Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі басталады

2025 жылғы 10 мамырда Алматы облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған бесінші «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ауқымды шара таңғы 06:00-де Бақанас тасжолының бұрылысында басталады. Биылғы бәйге алғаш рет Алматы облысында ұйымдастырылып отыр. Бұған дейінгі жарыстардың екеуі халықаралық деңгейде өткізілген болатын.

Шараның басты мақсаты — қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, жылқы мәдениеті мен тарихи мұрасын насихаттау.

Бәйгеде Оңтүстік Африка, Қырғызстан, Мажарстан, Иран, Ресей Федерациясы, Татарстан мен Башқұртстан және Қазақстанның 13 өңірінен келген командалар бақ сынайды. Жалпы саны — 19 команда.

Жарыс бес күнге созылады. Әр кезеңнің ұзақтығы — 100 шақырым, ал жалпы қашықтық — 500 шақырым. Бағыт Балқаш, Жамбыл және Іле аудандарының аумағы арқылы өтеді. Әр 50 шақырым сайын қатысушыларға арнайы тынығу және демалыс орындары дайындалады.

Ашылу салтанатында этноауыл құрылып, 12 қанаттық бес қазақ үй тігіледі. Киіз үйлерде Алтын адам музейі, этнографиялық экспозициялар, театр қойылымдары, қолөнер шеберлерінің бұйымдары мен туристік көрмелер ұсынылады. Сонымен қатар ұлттық спорт түрлері, асау үйрету және бие сауу көріністері көрсетіледі.

Марафонның жабылу салтанаты 2025 жылғы 14 мамыр күні сағат 17:00-де Қонаев қаласының орталық алаңында өтеді. Онда «Алаш ұлы», «Рух», «Абырой» және «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері өнер көрсетеді. Салтанатты шараға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, партиялар мен ұлттық спорт федерацияларының өкілдері, өнер қайраткерлері және қоғам белсенділері қатысады деп күтілуде.

Алматы облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев шараның маңыздылығын атап өтті:

«Қазақ халқы үшін жылқы түлігі — төл болмыс пен дәстүрдің айқын көрінісі. Бұл бәйге ұлттық рухты дәріптеп, салт-дәстүрімізді насихаттайды. Сонымен қатар өңіріміздің табиғатын таныстырып, отандық туризмнің дамуына үлес қосады», — деді спикер.

«Ұлы дала жорығы» — ұлт рухын жаңғыртып, болашақ ұрпаққа тағылым беретін маңызды мәдени-спорттық оқиға.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Студенты Алматинской области голосуют за будущее

Николай Иващенко
04.03.2026

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz