Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында үздік колледждер анықталды

Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің базасында Алматы облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Ең үздік білім беру ұйымы-2023» атты облыстық байқау өтті.

05.10.2023
Аймақ

Оған облыстағы 8 ауданнан 9 оқу орны қатысты. Байқау «Жас маман» жобасына енген колледждердің көрмесімен ашылды.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова байқау қатысушылары мен қонақтарды құттықтап, осындай байқауларды өткізудің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының абырой-беделін арттырып, жастар арасында насихаттауда маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай педагогикалық шеберлік сайыстарын өткізу әдемі дәстүрге айналды. Ондағы басты мақсат – техникалық және кәсіптік білім беру мекемлерінің орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, үздік колледжді анықтау, қолдау және мадақтау. Бүгінгі күні Алматы облысында 40 колледж бар, оның 22-сі мемлекеттік болса, 18-і – жекеменшік.

«Өткен оқу жылында өңірлердегі кәсіпорындардың тапсырысымен біз мақсатты оқытуға 100 студент қабылдадық. Ал биыл бұл сан екі есе өсіп, 200-ге жетті. Оқу орындарының түлектері 100 пайыз жұмыспен қамтылған», – деді Гүлсара Исмагулова.

Байқау қорытындысы бойынша:

І орынды – Талғар агробизнес және менеджмент колледжі, директоры Динара Бозымбекова;

ІІ – орынды Шамалған ауылындағы Көпсалалы кәсіптік білім беру колледжі, директоры Гүлнара Такимова;

ІІІ – орынды Талғар политехникалық колледжі, директоры Бақыт Халықова;

ІІІ – орынды Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі, директоры Сәбит Шаймерденов иеленді.

Ал «Иновация шеберханасы» аталымының жеңімпазы деп Бағжан Құдабаев басқаратын Талғар жоғары медицина колледжі танылды. «Жаңашыл колледж» аталымына Қуат Дүйсебаев жетекшілік ететін Шелек политехниклық колледжі ие болды. Қаскелеңдегі Санжар Жандосов атындағы кәсіптік-техникалық колледж «Жетістік жолында» аталымының жеңімпазы атанды.

Бас жүлдені Алматы облысының әкімі, ал екінші және үшінші орынның жүлделерін Облыстық білім басқармасы тағайындағанын айта кеткен жөн. Облыс әкімі бас жүлдені Ұстаздар күні мерекесіне арналған салтанатты жиында табыс етпек.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта Наурызға орай экологиялық акция өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматы облысында 367 саяжай елді мекен құрамына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Бектенов Үкіметке жаңа конституциялық заңдарды әзірлеуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматыда Санжар Бокаев ұсталды: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz