Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

Алматы облысында 2025 жылы тұрғын үй құрылысы мен сатып алуға арналған ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.09.2025
Аймақ, Алматы облысы
Social networking scheme from the hands

Social networking scheme from the hands

Бюджет қаражаты есебінен жалпы аумағы 118 мың шаршы метрді құрайтын, 1522 пәтерлік 28 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Бірқатар үйлер қазірдің өзінде тапсырылды, ал проблемалық нысандар бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Талғар және Жамбыл аудандарында кейбір пәтерлерге тұрғындар қоныстанып үлгерді, бірнеше нысан аяқталу сатысында. Облыс әкімдігінің мәліметінше, барлық мәселелер бақылауда, мерзімді бұзған мердігерлерге қатысты заң аясында шара қолданылуда.

Сонымен қатар дайын тұрғын үйді сатып алу жұмыстары да қатар жүргізіліп жатыр. Биыл әлеуметтік осал топтар мен кезекте тұрғандар үшін 1700 пәтер сатып алуға 27,4 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде 200-ден астам отбасы жаңа пәтердің кілтін алып үлгерді, қалғандары кезең-кезеңімен қамтамасыз етіледі.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Асет Масабаев аймақта азаматтар алдындағы міндеттемелерді толық орындау көзделгенін атап өтті:
«Кезекте тұрған әрбір отбасы өз баспанасын уақытында алуы маңызды. Проблемалық нысандар бойынша бақылауды күшейттік, адал емес мердігерлерге шара қолданылып жатыр. Сонымен қатар дайын тұрғын үйді сатып алу жұмыстары жүргізілуде, халықты ұзақ күттірмеу үшін», – деді ол.

Жыл соңына дейін Қонаев, Талғар және Есік қалаларында ірі тұрғын үй нысандарының құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Құрылыстың дайындық деңгейі 90 пайыздан асқан, үйлерді белгіленген мерзімде пайдалануға беру көзделіп отыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz