Арнайы қаулыға сәйкес, биыл тұмауға қарсы вакцинациялау 1 қазаннан басталады.
«Тұмауға қарсы вакцинациялауға жататын адамдардың жалпы саны 16 800 мыңнан асады. Қазіргі таңда «Гриппол плюс» вакцинасының 165 000 дозасы бар», — деді спикер.
Маманның айтуынша, 305 егу кабинеті ұйымдастырылды. Емханаларда қоңырау шалу, кеңес беру үшін 20 телефон жұмыс істейді. Үйде қызмет көрсетуге арналған 91 автокөлік бар.





