Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тұмау мен ЖРВИ маусымына дайындық басталды

Алматы облысында тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) жаңа эпидемиологиялық маусымына дайындық шаралары қолға алынды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұслим Сәғадиев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Мұслим Сәғадиевтің айтуынша, 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап облыс тұрғындарына тұмауға қарсы жаппай вакцина егу науқаны басталады. Эпидемиологиялық маусымға орай Ресейде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасынан 160 мың доза сатып алынған.

Вакцина 6 айдан асқан балаларға, жүкті әйелдерге, қарт адамдарға және созылмалы аурулары бар азаматтарға тегін егіледі. Қорғаныс әсері екпеден кейін 8–12 күнде қалыптасып, шамамен бір жылға дейін сақталады.

«Қазақстанда жыл сайын 4 миллионға жуық ЖРВИ жағдайы тіркеледі. Оның 65 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар арасында кездеседі», – деді Лейла Серікбаева.

Бүгінде облыс бойынша 305 егу кабинеті дайындалған. 15 қыркүйектен бастап мектептерде де вакцинациялау жүргізіледі. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында таңғы сүзгілер күшейтіліп, антисептиктер пайдалану, жеке гигиена бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Сондай-ақ ауру белгілері бар балаларды уақытылы оқшаулау шаралары қарастырылған.

«Егер бір сыныптағы оқушылардың 30 пайызы сырқаттанса, ол сынып қашықтан оқыту форматына көшіріледі», – деді Мұслим Сәғадиев.

Мамандардың болжамы бойынша, алдағы маусымда тұмау вирусының үш түрі – А/H1N1, А/H3N2 және В типі қатар айналымда болады. Вирустардың белсенділігі қазан айының ортасында басталып, қаңтар-ақпан айларында шарықтау шегіне жетпек.

«Вирустың таралуын болдырмаудың ең тиімді жолдары – бетперде тағу, қолды жиі жуу, бөлмені желдету, көпшілік жиналатын орындардан аулақ болу. Ал ауру белгілері байқалған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет», – деп қорытындылады Мұслим Сәғадиев.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz