Фестивальге 10 театр қатысып, бақтарын сынап жатыр. Іле ауданы Ақши халық театры Жарқынбеков Сұлтан Данашұлының «Әнің мені ешқашан өлтірмейді» атты пьесасын сахналанды. Қоюшы режиссері Тусупбеков Жасұлан Аманжолұлы.

Ал Қарасай ауданы «Жастар» театры «9 грамм» атты спектаклін сахналады. Авторы: Бақыт Беделхан, қоюшы режиссер: Жұлдызбек Жұмабай
Фестиваль шымылдығын 22 қараша күні ашты. Байқау үш күнге жалғасады.

Мақсаты — облыс орталығынан шалғай орналасқан елді мекендердегі өнерпаздардың мәртебесін көтеріп, халық театрын дамыту. Фестиваль қортындысы 24 қарашада жарияланады.





