Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті

Бүгін Алматы облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетті арттыруға және өңірдің көркейуіне бағытталған шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тұрғындармен бірге ағаш отырғызу және аумақтарды тазалау жұмыстарына атсалысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Акцияның басты мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін көтеру, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруды күшейту және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Облыс бойынша сенбілікке 67 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде 10 мыңнан астам мемлекеттік қызметші мен бюджеттік ұйым өкілдері, 18 мыңға жуық ерікті және 39 мың жергілікті тұрғын бар.
Жұмысқа 134 арнайы техника (жүк және су таситын көліктер) тартылды.

Нәтижесінде өңір аумағында 7 мыңнан астам ағаш – тораңғы, үйеңкі, ясень және терек отырғызылып, 1243 гектар жер тұрмыстық қалдықтан тазартылды. Барлығы 823 тонна қоқыс арнайы полигондарға жеткізілді.

Сенбілік Алматы облысының барлық қала және аудан орталықтарында өтті. Тұрғындар көшелерді, саябақтарды, жағалау аумақтарын және қоғамдық орындарды тазалауға белсенді қатысып, туған жерге деген жанашырлығын көрсетті.

Іс-шараға мемлекеттік органдар мен әкімдіктер қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар, жастар қозғалыстары және БАҚ өкілдері қатысты.
Ерекше назарды арнайы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығының 27 тәрбиеленушісінің қатысуы аудартты.

Балалар педагогтарымен бірге орталық аумағына ағаш отырғызып, жиде жапырақты лох пен Шренк шыршасын отырғызу бойынша танымдық шеберлік сабағына қатысты.

«Маған ағаш отырғызу қатты ұнады! Біз оны қалай күтіп-баптау керегін үйрендік. Болашақта ауламыз жасыл әрі әдемі болса екен деймін», – деді орталықтың 11 жастағы тәрбиеленушісі Інкәр.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бастамасымен сенбілікке шағын және орта бизнес субъектілері, өндірістік кәсіпорындар мен коммерциялық ұйымдар да белсене қатысты.
Олар өз аумақтарында тазалық шараларын өткізіп, ағаш отырғызуға және қалдықтарды шығару жұмыстарына үлес қосты.

2025 жылдың басынан бері өңірде 200-ден астам сенбілік өткізіліп, оған 602 мыңнан астам адам және 8,8 мың ұйым мен кәсіпорын қатысқан.
Осы уақыт ішінде 8,7 мың тонна қоқыс жиналып, 80 мыңға жуық көшет және 14 мың келі ағаш тұқымы отырғызылған.
3 мың көпқабатты үйдің ауласы, 55 саябақ пен сквер, 723 ескерткіш және 1 мың әлеуметтік нысан тазартылды.
Акцияларға 280 мыңнан астам оқушы атсалысты.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қонаев қаласында 300 ағаш отырғызу жұмыстары басталды. Оның ішінде 150 терек, 25 сары акация, 40 катальпа және 60 жөке ағашы отырғызылмақ.

Экологиялық акция бүкіл ел аумағында өтуде. Қазақстан Республикасының Президенті де республикалық ағаш отырғызу шарасына қатысып, бұл бастаманың табиғатты сақтау ісіндегі ел бірлігі мен ортақ жауапкершіліктің символына айналғанын атап өтті.

Мұндай игі шаралар азаматтарды өз өңірін көркейтуге белсенді қатысуға шақырып, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырады.

«Таза Қазақстан» – бұл тек сенбілік емес, әр қазақстандықтың туған жер алдындағы жауапкершілігі мен сүйіспеншілігінің көрінісі.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz