Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

2025 жылғы 5 сәуірде Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Шараның басты мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, өңірдегі тазалық пен тәртіпті сақтау ісіне үлес қосу.

Сенбілікке 31 907 адам және 3 835 кәсіпорын мен ұйым белсенді атсалысты. Қоғамдық тәртіп пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бұл шара барысында 1 055 тонна қоқыс шығарылып, 330 арнайы техника жұмылдырылды.

Аталған күнгі сенбілікте өңір аумағында 8 799 түп ағаш отырғызылып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Сонымен қатар, 14 538 көпқабатты және жеке тұрғын үйлердің аулалары тазартылып, 101 тарихи-мәдени ескерткіш пен 316 әлеуметтік нысанның айналасы ретке келтірілді.

Сенбілік барысында 30 өзен, көл мен су айдындарының жағалауы қоқыстан тазартылып, табиғи аумақтарды сақтау бағытында кешенді жұмыстар атқарылды.

Бұл игі бастама — өңір тұрғындарының экологиялық жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. «Таза Қазақстан» акциясы өз жалғасын тауып, еліміздің экологиялық болашағына зор үлес қоса бермек.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz