Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тамыз педагогикалық конференциясы жаңа форматта өтті

Қарасай ауданында Алматы облысының мектепке дейінгі, жалпы орта және техникалық білім беру саласы мамандарын біріктірген дәстүрлі тамыз педагогикалық конференциясы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Биылғы жиын ерекше форматта панельдік сессиялар түрінде ұйымдастырылып, «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тақырыбымен өтті. Конференцияны облыстық білім басқармасы ұйымдастырды.

Іс-шара үш білім нысанында қатар өтті: Қаскелең қаласындағы жаңа мектепте, Шамалған ауылындағы көпсалалы кәсіби колледжде және Қошмамбет ауылындағы мектепте. Әр оқу орнында оқушылар мен студенттердің ғылыми жобалары мен қолөнер көрмелері қойылды.

Қаскелеңде оқушылар робототехника саласындағы жобаларын таныстырды. Сондай-ақ білім беру мекемелеріне цифрлық шешімдер енгізумен айналысатын Stem Solutions компаниясының мамандары қатысты. Бүгінде бұл компания 500-ден астам мектеппен әріптестік орнатқан.

Жалпы, конференцияға шамамен 1700 педагог қатысты. Бағдарлама 30-ға жуық панельдік сессияны қамтыды. Алғашқы сессиялар қазақ, орыс, шетел және ұйғыр тілдерін оқытуға арналса, кейінгі сессияларда математика, жаратылыстану пәндері, тарих, география, информатика, бастауыш білім мен жаһандық құзыреттер талқыланды.

Аудан мектептері мен колледждерінің мұғалімдері жаһандық құндылықтарды, инклюзивті білім беруді, ерекше балаларды қолдау және ауыл мектептеріндегі сапа мәселелерін көтерді. Сондай-ақ «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы және арнайы білім беру ұйымдарының жұмысы қаралды.

Шамалғандағы кәсіби колледжде техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 500-ге жуық өкілдің қатысуымен 25-тен астам сессия өтті. Мұнда Satbayev University және жұмыс берушілермен әріптестік, заманауи зертханалар мен шеберханалар жұмысы таныстырылды. Арнайы пәндер оқытушылары оқу процесіне жасанды интеллект енгізудің маңызын атап өтті.

Қошмамбет ауылындағы мектепте дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындық және технология пәндері бойынша мәселелер қаралды.

«Облыстық білім басқармасының басшысының міндетін атқарушы Ақмарал Атенбекованың айтуынша, 1 қыркүйекте Алматы облысында 362 мыңнан астам оқушы, оның ішінде 135 мыңнан аса бірінші сынып оқушысы мектепке барады. «Біздің мақсатымыз – ұстаздардың кәсіби шеберлігін жетілдіріп, балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру», – деді ол.

Жаңа оқу жылы қарсаңында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен тағы бір ауқымды тамыз педагогикалық конференциясын өткізу жоспарланып отыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz