Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тағы бір мектептің асханасынан мерзімі өткен сүт өнімдері табылды

Асхана тамағына шағымданған ата-аналар Алматы облысына қарасты Тұздыбастаудағы № 13 орта мектептің асханасы былыққа белшеден батқан деп отыр. Олар тіпті тамақтану орнынан мерзімі өткен 60-қа жуық айранның анықталғанын айтты, деп хабарлайды alataunews.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.

05.10.2023
Аймақ

Мұны білім ордасына бас сұққан ата-аналар таспалап алған.

«Біз асханаға шағымданғанбыз, былтыр да шағым айттық. Ата-анада барлық сурет бар. Пирожкилердің, пиццалардың іші қандай, сырты қандай барлық сурет бар. Былтыр ешқандай шара қолданылмады. Жалға алған аспаздар биыл қайтадан жұмыс істеп жатыр. Биыл да айраннның мерзімі өтіп кеткен. Мен итке ондай айран бермеймін. Неге балалар ішу керек? Үкімет балаға ақша бөлді, дұрыс тамақ берілсін», – деді ата-ана Эльмира Шойбекова.

Ал асхана мамандары басқа уәж айтты.

«Пакетке саламын да шығарып тастаймын. Оны қыздар «обал, таза ғой» деп тоңазытқышқа салып қойған. Мен байқамай да қалыппын. Мерзімі өтіп кеткен айран тоңазытқышта тұр, ал басқасына тапсырыс беріп үлгермедім. 60 қораптағы айранды шығарып тастадық, балаға берген жоқпыз», – деді аспаз Назира Қилыбаева.

Бұл мектепте күніне 1400 бала асханадан тамақтанады.

Білім ордасының басшылығы олқылықтан хабардар. Бірақ білім бөліміне хат жазумен шектелген.

«Акт жасалып, 7 адамнан құрылған комиссия, ата-аналар қол қойылды. Білім бөліміне ескертілді», – деді № 13 орта мектептің директоры Мадияр Азанбаев.

«Тұздыбастау ауылындағы №13 мектепте аталған кемшіліктер бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Асхананы жалға алушы медігермен сөйлестік», – деді Талғар ауданы білім бөлімінің бас маманы Гүлім Қайратқызы.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Ерлан Кошанов созвал совместное заседание палат Парламента РК

Николай Иващенко
18.03.2026

В Конаеве к празднику Наурыз прошла экологическая акция «Табиғат қанатында – Taza Life»

Николай Иващенко
18.03.2026

В Алматы задержан Санжар Бокаев — Генпрокуратура

Николай Иващенко
18.03.2026

Новые учебники для школьников выпустят в Казахстане

Николай Иващенко
18.03.2026

Опубликован текст новой Конституции Казахстана

Николай Иващенко
18.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz