Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

Биыл бұл бастама аясында 10 жас 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай қолдауға ие болады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
16.09.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

​Жастардың тың идеялары мен креативті бастамаларын жүзеге асыруға жол ашатын мүмкіндік — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы жариялаған бастамасы аясында қолға алынған. Грант еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тағайындалып, жыл сайын дарынды да белсенді жастарға жаңа серпін беруді көздейді.

​«Гранттың мақсаты – өңіріміздегі шығармашыл әрі белсенді жастарды қолдау, олардың ел дамуына қосатын үлесін арттыру. Бұл – бір реттік қолдау емес, жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға бағытталған жүйелі қадам», — деді Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мади Ахметов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

​Алматы облысында аталмыш грантқа үміткер болуға ниетті 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтар өз жобаларын ұсына алады. Қатысушының өңір тұрғыны болуы – басты талаптардың бірі.

​Жоба бес бағытты қамтиды:

  • Ғылым саласында – зерттеулер мен тың идеяларға негізделген ғылыми жобалар қолдау табады;
  • Мәдениет бағыты бойынша ұлттық мұраны дәріптеуге бағытталған бастамаларға басымдық берілмек;
  • Ақпараттық технологиялар саласында жаңашыл IT шешімдер мен стартаптар;
  • Бизнес бағыты бойынша кәсіпкерлік идеялар;
  • Медиа саласында жастарға арналған пайдалы әрі мазмұнды контент жобалары қарастырылады.

Конкурс екі кезеңнен тұрады. Алдымен, қатысушылардың құжаттары қабылданып, талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Одан кейін, жобалар арнайы конкурстық комиссияның қарауына ұсынылып, жеңімпаздар іріктеледі.

​Бұл грант жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруына тың серпін. Гранттың мәні тек қаржылай қолдауда емес. Бұл – жастарға сенім білдірудің, оларды ел дамуына қатыстырудың нақты жолы. Мемлекеттің болашағы – жаңа буынның белсенділігі мен жаңашылдығына тікелей байланысты, – деді спикер.

​Өтінімдер 17 қыркүйектен басталып, 2025 жылдың 10 қазанына дейін қабылданады.

Құжаттар almobl.t.urpaktary@gmail.com электронды поштасына немесе аудандық және қалалық Жастар ресурстық орталықтары арқылы тапсырылады. Қосымша ақпаратты +7 (707) 950-35-13 нөмірі арқылы білуге болады.

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz