Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында спорттық жабдық өндіретін зауыт табысты дамып келеді

Алматы облысының Талғар ауданында спорттық құрал-жабдықтар шығаратын отандық кәсіп табысты жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Қорлан Нұрланқызы
12.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

“Согол” жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқаратын Амир Халил Тутунчи — спорт индустриясын сүйіспеншілікпен дамытып жүрген кәсіпкер. Ол Тонкеріс ауылында өндірістік цех ашып, бүгінде өз өнімдерін еліміздің ірі қалаларына жеткізіп отыр. Компания шығарған тренажерлар мен воркаут алаңдарына деген сұраныс жыл сайын артып келеді.

Білімі бойынша энергетик-инженер, ал жан дүниесімен спортқа жақын Амир Тутунчи Ираннан келген. Ширек ғасыр бұрын Қазақстанды өз Отаны ретінде қабылдаған кәсіпкер еліміздегі қолайлы бизнес-ортаға ризашылығын білдіреді.

“Қазақстан – мүмкіндіктер елі. Мұнда кез келген өндіріс түрін дамытуға жағдай бар. Спорттық индустрия да қарқынды дамып келеді және оған сұраныс жоғары”, — дейді ол.

Кәсіпкер өз ісін шағын көлемнен бастаған. Алғашында жалға алынған ғимаратта жұмыс істеп, ұсақ тапсырыстарды орындаған. Бір күні спортзалға барған кезінде тренажерлар тапшылығын байқап, өз өнімін шығаруға бел буған. Осылайша отандық спорттық құрал-жабдық өндірісі жолға қойылды.

2012 жылы “City Sport” атауымен жеке кәсіпорын ретінде тіркелген өндіріс 2022 жылы “Согол” ЖШС болып қайта құрылды. Бүгінде кәсіпорын балалар ойын алаңдарын, сыртқы спорт тренажерларын және воркаут кешендерін шығарады.

“2013 жылдан бері Алматы мен еліміздің өзге қалаларында 1800-ден астам жоба жүзеге асырылды. Басты мақсатымыз – бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау”, — дейді Амир Тутунчи.

Компания өнімдері ауа райының кез келген жағдайына төзімді. Тренажерлар берік болат құбырлардан жасалып, ұнтақ бояумен қапталады. Бұл олардың ыстыққа да, суыққа да, жауын-шашынға да төзімді болуын қамтамасыз етеді.

Зауыттың айлық өндірістік қуаты — 150 тренажер мен 140 воркаут кешені. Қазіргі таңда мұнда шамамен 30 адам еңбек етеді.

Амир Тутунчи үшін бұл іс – тек табыс көзі емес, адамдарды белсенді өмірге шақырудың, спорт мәдениетін қалыптастырудың жолы. Алдағы уақытта кәсіпкер өндіріс көлемін арттырып, облыстың өзге аудандарында да филиалдар ашуды жоспарлап отыр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

Больше 60 дачных массивов получили статус села в Алматинской области

Николай Иващенко
27.02.2026

Сталкера осудили в Алматинской области

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz