Осыған байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Абдрахим арнайы барып, жергілікті халықпен кездесті. Кездесу барысында нақты шаралар қабылданатыны айтылды. Атап айтқанда, 16 қыркүйектен бастап бағыттарға үш қосымша автобус шығарылып, маршрут екі шақырымға ұзартылмақ. Бұл тұрғындар үшін көлік қатынасын айтарлықтай жеңілдетпек.
Әкімдік мәліметінше, 2026 жылы аталған саяжай алабына ауылдық округ мәртебесін беру жоспарланып отыр. Бұл қадам әлеуметтік нысандар салуға мүмкіндік туғызады.
Жергілікті белсенділер облыс басшылығына өз өтініштеріне назар аударғаны үшін ризашылық білдірді.
«Біздің мәселемізге көңіл бөлініп, нақты шаралар қабылданғанына алғыс айтамыз», – деді «Мерей» алабының тұрғыны Ерлан Жансеитұлы.





