Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қыста жолды күтіп ұстауға 109 техника дайын тұр

Alataunews.kz тілшісі өңірдегі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына арнайы сұрау жолдап, облыстық маңызы бар жолдарды қыста қардан тазалап, күтіп ұстауға дайындық қалай жүріп жатқанын білді.

12.10.2023
Аймақ

Басқарманың мәліметінше, қазіргі уақытта Жамбыл, Іле, Еңбекшіқазақ, Талғар, Балқаш, Кеген, Ұйғыр аудандары және Қонаев қала маңы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға жауапты мердігер ұйымдар анықталған. Қарасай және Райымбек аудандарында конкурс жарияланған. Жақын арада нәтижесі шығады.

«Қысқы кезеңге 109 арнайы техника, 7019 тонна көктайғаққа қарсы материал, 304 тонна жанар-жағармай әзірленген. Арнайы ережеге сәйкес, жолдар қыс мезгілінде қардан уақытылы тазаланады», — деп жазды басқарма.

Сондай-ақ басқарма облыстағы барлық жолдарда үзіліссіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін полиция және төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп іс-шара жоспары әзірленгенін жазды.

 «Қыс мезгілінде автомобиль жолдарын қардан тазарту жұмыстары басқарманың тұрақты бақылауында болады», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, өңірде облыстық маңызы бар жолдардың (3 370 км) жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 90 пайызды құрайды. Биыл 247,3 шақырым жолды жөндеуге 28,5 млрд теңге бөлінген.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Глава государства объявил о предстоящей административной амнистии

Николай Иващенко
17.03.2026

Касым-Жомарт Токаев обратился к собравшимся

Николай Иващенко
17.03.2026

Касым-Жомарт Токаев подписал новую Конституцию Республики Казахстан

Николай Иващенко
17.03.2026

В нацпарке «Чарын» в Алматинской области показали необычного зверя

Николай Иващенко
17.03.2026

Дополнительные авиарейсы и железнодорожные составы запустят в Казахстане в праздники

Николай Иващенко
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz