Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында құрылыс қарқыны күшейіп, тұрғын үймен қамту көлемі артты

Өткен аптада Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар, Қарасай және Іле аудандарына жұмыс сапарымен барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуымен танысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Өңір басшысы атап өткендей, облыс қызметінің негізгі басым бағыттарының бірі – құрылыс саласын дамыту және тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы баспанамен қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы жылдары бұл бағытта елеулі нәтижелерге қол жеткізілді.

2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыс көлемі 21,1 пайызға артқан. Бұл көрсеткіш өңірдегі инфрақұрылымдық бағдарламалардың белсенді жүзеге асырылып жатқанын және инвестициялық белсенділіктің жоғары екенін дәлелдейді. Соңғы үш жылда Алматы облысында жалпы аумағы 177 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ірі құрылыс жобалары Қонаев қаласында, Іле, Қарасай және Талғар аудандарында жүзеге асуда. Мәселен, Қонаев қаласында инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтылған жаңа шағын аудандар бой көтеріп, Іле ауданында шамамен 600 отбасы жаңа пәтер кілтін алды. Ал Қарасай мен Талғар аудандарында тұрғын үймен қатар әлеуметтік және коммерциялық нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарды баспанамен қамту мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы жылдары осы санаттағы тұрғындарға 235 пәтер берілген, бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.

Жұмыс сапары барысында Марат Сұлтанғазиев Іле ауданында салынып жатқан ZERGER тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен танысты. «Монолит» компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан бұл жоба өңірдегі ең ірі құрылыс бастамаларының бірі саналады. Кешен құрамына 46 тұрғын үй мен 1372 пәтер кіреді. Құрылыста шамамен 250 маман жұмыс істейді.

Тұрғын үй кешені заманауи құрылыс технологиялары мен сапалы материалдар пайдалану арқылы барлық нормативтік талаптарға сай салынуда. Кешен аумағында демалыс аймақтары, 360 метрлік жаяу және жүгіру аллеясы, автотұрақ пен бейнебақылау жүйесі қарастырылған. Мұндай жобалар тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыруға, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

Айта кету керек, «Монолит» компаниялар тобы әлеуметтік жауапкершілікті белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Өткен жылы компания өз қаражаты есебінен олимпиада жүлдегері мен оның жаттықтырушысына жаңа екі пәтер сыйлаған болатын.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – Алматы облысы әкімдігінің басты әлеуметтік басымдықтарының бірі. 2025 жылы өңірде 960 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Қазіргі таңда соның 901,5 мың шаршы метрі немесе 93,9 пайызы пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 116 пайыздық өсімге қол жеткізілгенін көрсетеді.

Осы нәтижелер Алматы облысының құрылыс саласында тұрақты өсім мен жүйелі дамудың бар екенін дәлелдейді. Өңірде жүзеге асып жатқан жобалар тұрғындардың өмір сапасын арттырып, әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге серпін беруде.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz