Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

Алматы облысында дәнді және майлы дақылдарды терең өңдеуге маманданған «Қапшағай Бидай Өнімдері» атты жаңа агроөнеркәсіптік кешен іске қосылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Заманауи өндіріс орнының салтанатты ашылу рәсімі 1 қараша күні Қонаев қаласында өтті. Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, отандық кәсіпкерлер және Қытай Халық Республикасынан келген серіктестер қатысты.

Жаңа кәсіпорын өңірдің аграрлық секторындағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі саналады. Зауыттың жылдық өндірістік қуаттылығы 1 миллион тоннадан астам дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 15 миллиард теңгеден асты. Бұл – Қаскелең қаласында жұмыс істеп тұрған зауыттан кейінгі Алматы облысындағы осындай екінші өндіріс орны.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев агрокешеннің іске қосылуы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласының дамуына тың серпін беретінін атап өтті. Оның айтуынша, облыстың географиялық артықшылығы, көлік-логистикалық мүмкіндігі және инвесторларға жасалған қолдауы агросекторға қосымша инвестиция тартып, өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыруға жағдай жасап отыр.

«Алматы облысы – еліміздің ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі. Біз қосылған құны жоғары өнім өндірісін қолдауды жалғастырамыз. “Қапшағай бидай өнімдері” – инновациялық, экспортқа бағытталған өндірістің нақты үлгісі», – деді өңір басшысы.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов бұл жоба Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту жөніндегі тапсырмасына сай жүзеге асқанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай өндіріс орындары аграрлық өнімнің ішкі нарықтағы құнын арттырып қана қоймай, сыртқы нарықтарға шығу мүмкіндігін күшейтеді.

«Бұл – бизнес пен мемлекеттің ортақ мақсатының көрінісі. Терең өңдеу – саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі бағыт. Жоба ауыл шаруашылығының тиімділігін көтеріп, өңір экономикасына қосымша серпін береді», – деді вице-министр.

Рәсім соңында қатысушылар зауыттың өндірістік алаңын аралап, технологиялық процесс барысымен танысты. Қызыл түймені басу және локомотив гудогын іске қосу арқылы агрокешеннің жұмысы ресми түрде басталды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz