Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге 108 адам мен 54 техника жұмылдырылды

Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Тілсіз жау «Алматы – Өскемен» автожолының 35-шақырымында, Алатау ауылы маңындағы «ADC TAZA ALEM» ЖШС-іне тиесілі полигонда орын алды. Жалпы аумағы 35 гектар болатын қоқыс алаңының шамамен 10 гектар жері отқа оранған.

Қазіргі таңда тәулік бойы өртті сөндіру және жерді рекультивациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша шара ретінде «Терең Қара» каналынан 2000 метрлік өрт сөндіру рукавы арқылы мотопомпамен су жеткізілуде.

Жалынмен күреске барлығы 108 адам және 54 техника тартылған. Атап айтқанда:

  • Алматы облысының ТЖД – 65 қызметкер, 15 техника (оның ішінде 6 автоцистерна, лафетпен жабдықталған автоцистерна, насосты рукавты автомобиль, самосвалдар, су тасушы көліктер және вахтовка);

  • Алматы қаласының ТЖД – 17 қызметкер, 5 техника (4 автоцистерна, 1 АСОР);

  • 28237 әскери бөлімі (Ұзынағаш) – 7 қызметкер, 7 техника (бульдозер, самосвалдар, трал және тиегіш);

  • Жергілікті атқарушы органдар – 10 қызметкер, 19 техника (самосвалдар, экскаватор, тиегіш және су тасушы көліктер);

  • Қазселденқорғау мекемесі – 9 қызметкер, 9 техника (самосвалдар мен тиегіштер).

Мамандардың айтуынша, жағдай толық бақылауға алынған. Өрт сөндіру жұмыстары оқиға орнында үздіксіз жүргізілуде.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz