«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының деректері бойынша ғарыштық мониторинг нәтижесінде 145 заңсыз қоқыс орны анықталып, олардың барлығы толық көлемде жойылды.
Сонымен қатар, Қонаев қаласы мен Іле, Кеген, Еңбекшіқазақ аудандарында көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырлары мен қасбеттерін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының іс-қимыл жоспары аясында жүзеге асырылып отыр.
Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы:
«Экологиялық шаралардың тиімділігін арттыру үшін «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы арқылы жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы Telegram-ботқа 668 өтініш келіп түсті, оның 542-сі орындалды, 126 өтініш кері қайтарылды», — деді басқарма өкілдері.
Бұл іс-шаралар тұрғындарды экологиялық мәдениетке баулып, заңсыз қоқыс орындарын азайту мен көппәтерлі үйлерді абаттандыруға бағытталған.





