Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің облыстық Тіл форумы өтті

Алматы облысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық Тіл форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Шараға білім беру ұйымдары мен тіл оқыту орталықтарынан келген 150-ге жуық педагог қатысты. Форумда мұғалімдер кәсіби біліктілікті арттыру, оқыту әдістемесін жаңғырту және цифрлық технологияларды тиімді қолдану мәселелерін талқылады.

Форум екі негізгі бөлімнен тұрды: TEDx форматындағы пленарлық жиын және тәжірибе алмасуға арналған секциялық сабақтар. Шараның басты мақсаты – қазақ тілін оқыту сапасын жақсарту, оқушылардың оқу, жазу сауаттылығын арттыру және педагогтердің шығармашылық әлеуетін көтеру.

Қатысушылардың айтуынша, форум мұғалімдерге жаңа әдістемелерді меңгеруге, заманауи тәжірибелермен бөлісуге және инновациялық тәсілдерді оқу үдерісіне енгізуге мүмкіндік береді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дарья Ерболатқызы функционалдық сауаттылық пен жасанды интеллектті сабақта қолданудың маңызын атап өтті:

«Мен функционалдық сауаттылық секциясында спикер ретінде қатыстым. Әр мектептің тәжірибесін талдау, ЖИ-пен жұмыс жүргізу — қазіргі таңда өте маңызды тақырыптар», – деді ол.

Бұл форум Алматы облысында екінші рет өткізіліп отыр. Биыл шараға 150-ден астам педагог жиналды.

Алматы облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Салтанат Беспаева форумның маңызын айта келе:

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері заман талабына сай білім беруі қажет. Біз өз тарапымыздан жан-жақты әдістемелік қолдау көрсетуге дайынбыз. Форумның басты мақсаты — қазақ тілінің тазалығын сақтап, оқыту сапасын арттыру», – деді.

Халықаралық «Qazaq Tili» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы тіл оқытудың сапасы бүкіл тіл саясатына әсер ететінін атап өтті:

«Егер білім беру жүйесінде тіл оқыту ісі дұрыс жолға қойылса, түлектер қазақша сауатты сөйлеп, әдемі жаза алады. Бұл өз кезегінде тілдің басқа салаларда да кеңінен қолданылуына жол ашады», – деді ол.

Шара аясында қазақ тілін дамытуға үлес қосқан тіл жанашырлары мен ғалымдар марапатталды. Ұйымдастырушылар Тіл форумын жыл сайын өткізіп, мемлекеттік тілді оқыту сапасын одан әрі арттыруды жоспарлап отыр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz