Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Орталық Азиядағы ең ірі мультимодальды логистикалық хаб салу жоспарланып отыр

Алматы облысында Қытайдың жетекші YTO Express логистикалық компаниясы жүзеге асыратын ауқымды инвестициялық жоба – Орталық Азиядағы ең ірі мультимодальды хабтың құрылысы жоспарлануда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жоба алдағы екі жылда іске асырылып, Қазақстанды жаһандық жеткізу желісінің маңызды буынына айналдырмақ.

Бұл жаңа логистикалық орталық БАӘ, Венгрия, Таиланд, Бразилия, Эфиопия және АҚШ-тағы YTO Express-тің жұмыс істеп тұрған хабтарымен қатар, компанияның әлемдік тасымал инфрақұрылымын толықтырады.

Инвестициялық жобаның таныстырылымы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен YTO Expressбасқарма төрағасы Юй Вэйцзяоның кездесуі барысында өтті. Кездесуде тараптар алдағы ынтымақтастықтың жолдарын және болашақ хабтың аймақ экономикасына әсерін талқылады.

Марат Сұлтанғазиев жобаның ел үшін стратегиялық маңызын атап өтті:
«Бұл хаб Алматы облысының ғана емес, тұтас Қазақстанның логистикалық әлеуетін арттырады. Жүк өңдеу, сұрыптау және жеткізу салалары жаңа деңгейге көтеріледі. Біз жобаны табысты жүзеге асыру үшін барынша қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді өңір басшысы.

Компанияның Қытайдағы бас логистикалық кешені 100 гектар аумақты алып жатыр және 100 жүк ұшағынқабылдай алады. YTO Express-тің жылдық жүк айналымы 2,5 миллион тоннаға жетеді деп күтілуде. Жоспарға сай, 2026 жылға қарай Қазақстан хабы жаһандық жүйенің толыққанды бөлігі болады.

YTO Express – Қытайдағы ең ірі бес логистикалық компанияның бірі. Штатында 500 мыңнан астам қызметкер бар. Компанияның иелігінде 19 жүк ұшағы мен бірнеше мың жүк көлігі бар, бұл логистикалық операциялардың жоғары жылдамдығы мен сенімділігін қамтамасыз етеді.

Юй Вэйцзяо қазақстандық тараптың қолдауы үшін алғыс білдіріп, жобаға сенім артты:
«Қазақстанда басталған сәттен бастап біз мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көріп келеміз. Бұл хаб – Орталық Азиядағы негізгі торапқа айналады. Біз оны 2–3 жыл ішінде аяқтауды көздеп отырмыз», – деді ол.

Жобаның уақытылы жүзеге асуына әсер етіп тұрған маңызды мәселенің бірі – құрылысқа қажетті жер телімдерін сатып алу. YTO Express жарты жылдан бері үш жер иесімен келісімге келе алмай отыр. Бұл мәселе жобаның іске асуын кідіртуі мүмкін.

Бұл ретте Марат Сұлтанғазиев арнайы жауапты тұлға тағайындалғанын және жағдайды шешу үшін жер телімдерін мемлекеттік мұқтаждыққа сатып алу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Аталған жерлер кейін жобаның қазақстандық серіктесі – «Қазпошта» компаниясына берілмек.

Юй Вэйцзяо бұл бастаманың тек экономикалық емес, әлеуметтік мәні де зор екенін атап өтті:
«Бұл хаб – Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі. YTO Express – әлемдік деңгейдегі логистикалық ойыншы. Біз бірлесе отырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз», – деді ол.

2025 жылдың мамыр айында Алматы облысының делегациясы, әкім Марат Сұлтанғазиевтің басшылығымен, Шанхайға барып, YTO Express-тің бас кеңсесімен және жұмыс жүйесімен таныспақ. Орталық Азияның логистикалық жүрегіне айналуға ниетті бұл жоба өңірге инвестиция тартып қана қоймай, Қазақстанды жаһандық сауда мен жеткізу жүйесінде маңызды орынға шығарады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz