Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында өзен тасып, тұрғын үйлердің аулаларын су басты

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Талғар ауданында өзен арнасынан асып, аулалар мен медицина орталығын су басқанын, бұған өзен арнасының заңсыз тарылуы болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.03.2025
Аймақ, Алматы облысы

ТЖД деректеріне сүйенсек, 25 наурыз күні нөсер жаңбырдан кейін Бесағаш ауылындағы Көтірбұлақ өзені тасып, жеті аула мен бір медициналық орталықты су басқан.

«Алдын ала мәлімет бойынша, тасқынның басты себебі — тұрғындардың өзен жағасына рұқсатсыз қоршаулар мен уақытша құрылыстар орнатуы. Бұл өзеннің табиғи ағымын тежеп, су деңгейінің көтерілуіне себеп болған», — делінген ресми хабарламада.

Қазір Талғар аудандық ТЖ бөлімі жергілікті билікпен бірлесіп, су тасқыны салдарын жою және болашақта мұндай жағдайдың алдын алу мақсатында арық жүйесін тереңдету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Оқиға орнына 15 маман, 5 арнайы техника және 2 мотопомпа тартылды. Қазіргі уақытта су тасқыны тоқтатылды, өзен арнасының табиғи өткізу мүмкіндігі қалпына келтірілуде. Сонымен қатар, заңсыз құрылыс нысандарын анықтау шаралары қолға алынды», – деді департамент өкілдері.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz