Тактикалық жоспар бойынша, жетінші қабаттағы 3 бөлмелі пәтерде 75м² жалпы алаңда шартты өрт болды, нәтижесінде қалың түтін болып, кіреберісте температура жоғарылады. Адамдардың өміріне қауіп төніп, өрттің тұрғын үйге жаппай таралуы мүмкін болды.

Оқу-жаттығуда алға қойған барлық мақсат орындалды және бұл биік ғимараттардағы өртті сөндіруде үлкен тәжірибе болды.

Сонымен қатар, нысанды сумен жабдықтау, оның жарамдылығы тексерілді, оған 5 өрт сөндіру гидранты кіреді.
Құралдарды орнату орындары, сондай-ақ өрт сөндіру техникасы үшін кіреберіс жолдары пысықталды.





