Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында өрт қаупі күшейді: төтенше қызметтер сақ болуға шақырады

Алматы облысының аумағында жоғары өрт қаупі сақталуда, ал Жетісу облысында 1–3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Синоптиктердің мәліметінше, кең ауқымды антициклон әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын күтіледі.

Елдің көптеген өңірлерінде желдің күшеюі мен тұман түсуі болжанып отыр. Таулы аймақтарда, әсіресе Жамбыл облысының оңтүстігінде және Жетісу облысының орталығында, түнгі уақытта 1–3 градусқа дейін үсік жүру қаупі бар.

Қазгидромет таратқан мәлімет бойынша, еліміздің бірқатар облыстарында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталуда. Атап айтқанда:

  • Маңғыстау облысында,

  • Атырау облысының солтүстік-шығысы мен батысында,

  • Ақтөбе облысының оңтүстігі, шығысы және орталығында,

  • Жамбыл облысының орталығында,

  • Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында,

  • Алматы облысының батысында,

  • Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында,

  • Ұлытау облысының шығысы мен орталығында,

  • Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар, Қызылорда, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы және Ұлытау облыстарының жекелеген бөліктерінде төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Мамандардың айтуынша, соңғы күндері температураның жоғары болуы мен құрғақ ауа массаларының басым болуы дала және орман алқаптарында өрттің тез таралуына ықпал етуі мүмкін.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды ашық алаңдарда от жағудан, қоқыс пен шөп қалдықтарын өртеуден бас тартуға шақырады. Әсіресе желді күндері кез келген ұшқын үлкен өртке айналуы ықтимал.

Мамандар табиғат аясында демалушыларды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, орман және дала аймақтарында өрт қауіпсіздігі шараларын ескермеудің ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz