Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында өрік ағаштары гүлдеді

Алматы облысы Ұйғыр ауданында 3193 гектар өрік бақтары гүлге оранды. Оның ішінде, 2145 гектары жеміс береді. Бұл аудан бойынша бақтардың жалпы көлемінің 78 пайызын құрайды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
14.04.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Дамир Нұрқасым

Фото: Дамир Нұрқасым

Жалпы Ұйғыр ауданы бойынша бақтардың көлемі– 4095 га. Алма бақтары 902 гектар, ал жеміс беретіні 644 гектар. Апорт сорты – 404 га. Өнім беретін өсімдіктердің алаңы – 2468 га, жалпы өнімділік – 18625,9 тонна жеміс. Орташа өнімділік барлық жеміс-жидек дақылдары бойынша – 91 ц/га.

Алма сорттары — Заря Алатау, Заилийское, Фудзи, Гала, Гренни Смитт, Star Crimson, Американка.

Өрік сорттары — Уйгурский, Шалах, Краснощекий, Краснощекий Никитский. 2500 тоннасы Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне экспортталады. Шаруа қожалықтар килограмын 400-450 теңгеден сатады. Сонымен қатар Алматы қаласындағы үлкен сауда орталықтарында сатылады.

«Ауданда өрік, алма және жүрегі бақтары бар. Жалпы ауданы — 4300 гектар. Оның ішінде 3500 гектары сары өрік бақтары, оның 2350 гектары жеміс береді. Жыл сайын 2350 гектардан 19-22 тоннаға дейін өнім аламыз. Бұл өнім ішкі нарыққа және 3500-4000 тоннасы Ресей федерациясына экспортқа шығады», – дейді Ұйғыр аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Фархат Ақмолаев.

Аудан бақ өсірумен айналысатын 350 шаруа құрылымдары бар. Оның 53-і ірі шаруа құрылымдар мен шаруа қожалықтары, қалған  297 орташа және кіші  шаруа қожалықтары.

Сонымен қатар, айта кетейік, қазіргі уақытта ауданда екі шырын өңдеу зауыты іске қосылды. Олар «Агропроцессинг» ЖШС және «Шабдалы» ЖШС.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтарөрік ағаштарыҰйғыр ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz