Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Өңірлік кадр резервіне іріктеу» бойынша кездесу өтті

2024 жылдың 9 ақпанында Қонаев қаласының мәдениет үйінде Алматы облысы бойынша жас мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Өңірлік кадр резервіне іріктеу» тақырыбында өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
09.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Жиынның мақсаты мемлекеттік қызметшілерді Алматы облысының дарынды жастары қатарынан жас басқарушылар пулын қалыптастыру туралы хабардар ету. Кездесуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.

Шараға Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері, мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Арсен Жақыпов және Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының басшысы, облыстық кадр комиссиясының мүшесі Мейрам Мирзанұлы Мусаев сөз сөйлеп, жастарға шараның маңыздылығын түсіндіріп, қабілетті жастарды мемлекеттік қызметке шақырды.

2024 жылдың 1 наурызынан бастап Алматы облысы өңірлік кадрлық резервіне іріктеу басталады. Іріктеуді Алматы облысы Кадр комиссиясы жүзеге асырады.

Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады.

Айта кетейік, Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді жəне 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Өңірлік резервке 4 бағыт бойынша 15 адам қабылданатыны айқындалды.

Тегтер: Алматы облысыөңірлік кадрлық резервіне іріктеу

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz