Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында өнеркәсіп өндірісінің кей бағыттарында төмендеу байқалады

Бұл туралы облыстың 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылауға арналған коллегиялық отырыста экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы айтты.

27.01.2023
Аймақ

Облыс бойынша 8,9% өсім болғанымен, оның кейбір салаларында төмендеу байқалады. Мысалы, дайын металл бұйымдарын өндіру – 14,1%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 11,9%-ға, минералды өнімдерді өндіру – 7,1%-ға, химия өнеркәсібі – 5,8%-ға азайған.

Оның мәлімдеуінше, жеңіл өнеркәсіпте «Алматы былғары зауыты», арнайы киім шығаратын «Алтын жұлдыз» және «Медиатекс» кәсіпорындары, металл бұйымдарын шығаратын «КнауфГипсКапшагай», «Қарасай машина жасау зауыты», химия өнеркәсібінде Қонаев қаласының «КазАгроКоммерц», «Акрилейт», металл емес минералды өнім өндіретін «Ремстройтехника», «Фирма Бент» сияқты кәсіпорындар өндіріс көлемдерін азайтқан.

«Мұндай төмендеуге әртүрлі сыртқы және ішкі факторлар әсер етті. Негізгі факторлар мемлекеттік тапсырыстың азаюы, шетелден және Ресейден әкелінетін шикізат бағасының өсуі, сондай-ақ электр энергиясы мен газбен қамтамасыз ету қуаттылығының жетіспеуі. Сол себепті осы кәсіпорындарды қолдау мақсатында мемлекеттік тапсырысты көбейту, қолданыстағы бағдарламалар аясында оларға қаржылай және басқа да көмек көрсету мәселелерін пысықтап қарастыру қажет», – дейді ол.

Айта кетейік, жалпы облыста жүйе құрайтын 18 ірі кәсіпорындар бар. Соның ішінде «Джей Ти Ай Қазақстан» темекі өнімдерін 5,4%-ға, «КнауфГипсҚапшағай» болаттан жасалған профильдер өндірісін 20,4%-ға, гипсокартон өндірісін 3,3%-ға төмендеген.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарөнеркәсіп

Соңғы жаңалықтар

Әдеп кодексінің маңыздылығы

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz