Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында мұғалімнің оғаш әрекеті қоғам наразылығын тудырды

Алматы облысы, Шонжы ауылындағы №1 мектеп-лицейдің дене шынықтыру пәні мұғалімі оқушылармен дөрекі сөйлесіп, олардың әрекетін видеоға түсіріп жүрген сәті әлеуметтік желіде тарап, қоғамның наразылығына ұшырады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Желіде жарияланған бейнежазбадан ұстаздың балаларға зекіп, ата-аналардың шағымдарына қатысты ашу-ызасын оқушыларға бағыттағаны анық байқалады.

Тағы бір бейнероликте мұғалімнің оқушыларды «ақымақ», «ми жоқ» деген сөздермен балағаттап жатқаны анық естіледі. Бұл видеолар Instagram-дағы taldykorganec_kolesa парақшасында жарияланған. Сондай-ақ, басқа бір үзіндіде әйел адамның бір баланы сыныпқа күшпен кіргізіп, оны да телефонына түсіріп жатқаны көрініс тапқан.

Бұл жағдайға алаңдаған ата-аналар облыстық білім басқармасынан мұғалімнің әрекетін мұқият зерттеп, тиісті шара қабылдауды талап етіп отыр. Олардың айтуынша, ұстаздың мұндай мінез-құлқы болашақта балалардың психологиялық қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.

Ұйғыр ауданының білім бөлімі оқиғаға қатысты ресми пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, аты аталған мұғалім – Искандерова Эльмира Илакваровна, 36 жылдық педагогикалық тәжірибесі бар, «педагог-модератор» санатындағы маман. 2024 жылғы 8 сәуірдегі мәліметке сай, оның апталық жүктемесі 15 сағат.

«Видеоға байланысты мектеп-лицейде ішкі тексеріс жүргізіліп, оқушыларға күш қолдану мен тіл тигізу фактілері расталды. Аталған тәртіпсіздік үшін мұғалімге қатаң сөгіс беріліп, 7Е сыныбындағы сабақтары басқа ұстазға тапсырылды. Мектеп әкімшілігі жағдайды бақылауға алып, аудандық білім бөлімімен бірлесіп, педагогпен профилактикалық жұмыс жүргізіп келеді. Сонымен қатар, бұл оқиға педагогикалық этика кеңесінде қаралуы үшін Алматы облыстық білім саласындағы бақылау департаментіне жолданды», – делінген ресми мәлімдемеде.

Фото: edu.mcfr.kz

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz