Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында мұғалімдерге арналған EdTech және жасанды интеллект бойынша тәжірибелік тренинг өтті

Алматы облысында білім беру саласын цифрландыру және жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне енгізу бағытында тәжірибелік тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
13.01.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

«EdTech & AI: Инновация және интеграция» тақырыбындағы іс-шара Іле ауданындағы №53 орта мектеп базасында өтті.

Тренинг Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен «AMANAT» партиясы төрағасының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес, «Daryn.ai» платформасында мұғалімдерге арналған жасанды интеллект курсын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Бастаманы Алматы облысының білім басқармасының басшысы Арайлым Төлеубекова көтерді.

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген басқарма басшысы жасанды интеллекттің білім беру жүйесіндегі стратегиялық маңызына тоқталып, оның сапалы білім берудегі рөлін атап өтті.

«Жасанды интеллектті тиімді қолдану — уақыт талабы ғана емес, сапалы білім берудің басты кепілі. Бұл бағытта мұғалімдердің кәсіби дайындығы мен заманауи көзқарасы шешуші мәнге ие», — деді Арайлым Төлеубекова.

Тәжірибелік тренингке облыстық білім басқармасының өкілдері, әдістемелік орталық мамандары, аудан және қала білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары, сондай-ақ «eData.kz», «Bilim Media Group (Bilimland)», «Daryn.AI» және «Алматыкітап» компанияларының өкілдері қатысты. Сонымен қатар «Daryn.AI» платформасы арқылы курстан өтіп, өз жобаларын әзірлеген педагогтер де тәжірибелерімен бөлісті.

Тренингтің негізгі мақсаты — педагогтерге жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, оқу үдерісін жекелендіру, даралап оқыту және кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау. Таныстырылым алаңында технологиялық компания өкілдері TEDx форматында өздерінің инновациялық шешімдері мен ұсыныстарын ұсынып, білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ой-пікірлерін ортаға салды.

Цифрлық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу – оқыту сапасын арттырудың маңызды тетіктерінің бірі. Осы бағытта елімізде жасанды интеллектке негізделген заманауи платформаларды білім беру ұйымдарына бейімдеп, тиімді қолданысқа енгізу жұмыстары жүргізіліп келеді. Аталған бастаманың маңызы мен жүзеге асырылу барысы туралы eData.kz компаниясының директоры Санжар Кенжехан айтып берді:  

“Біз eData.kz компаниясы Қазақстандағы Google, Canva, Quizizz AI деген компаниялардың ресми өкіліміз. Бұл құрылғылар жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді. Ол білім саласының мамандары, мұғалімдер мен оқушыларға кеңейтілген мүмкіндік береді. Бұл құжат айналымын автоматтандырудан бастап, ішкі оқу процесстерін оңтайландыру және оқушыларға жекешелендірілген білім беру арқылы білім сапасын көтеруге бағытталған бірыңғай экожүйе. Сол үшін біз Алматы облысында қала мектептері мен ауыл мектептеріндегі білім беру сапасын теңестіру мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Республика бойынша бұл платформаларға 13 облыс қосылған. Соның ішінде енді Алматы облысы да бұл тізімге еніп отыр”, — дейді Санжар Кенжехан.

Ал облыс ұстаздары өздерінің авторлық жобаларын таныстырып, жасанды интеллектті сабақ барысында тиімді қолдану жолдарын нақты мысалдар арқылы көрсетті. Қатысушылар цифрлық білім беру ресурстарының мүмкіндіктері мен тәуекелдері, EdTech саласындағы заманауи трендтер және AI құралдарын оқу үдерісіне интеграциялау мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ «Жасанды интеллект пен мұғалім: әріптестік пе, бәсеке ме?» тақырыбындағы пікірталас алаңында дәстүрлі оқыту әдістері мен инновациялық тәсілдерді үйлестіру жолдары талқыланды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған тәжірибелік тренинг педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға және білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты қадам болды.

 

Тегтер: EdTech & AI: Инновация және интеграцияБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz