Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында мұғалімдер арасында алғаш рет пәндік олимпиада өтіп жатыр

Алматы облысында мұғалімдер арасында алғаш рет пәндік олимпиада өтіп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

2026 жылғы 23 қаңтарда Алматы облысы білім басқармасына қарасты Облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес математика, физика, химия, биология және география пәні мұғалімдеріне арналған олимпиада басталды.

Олимпиаданың негізгі мақсаты — пән мұғалімдерінің кәсіби өсуіне қолдау көрсету, олардың пәндік білімі мен әдістемелік шеберлігін дамыту, сондай-ақ инновациялық идеялар мен озық педагогикалық тәжірибелерді тарату.

Байқау Қонаев қаласындағы Қазақ орта мектеп-лицейі базасында өтуде. Олимпиадаға аудан және қала мектептерінің пән мұғалімдерімен қатар колледж оқытушылары да қатысып отыр. Жалпы қатысушылар саны — 141 педагог.

Олимпиаданы өткізу туралы шешім Алматы облыстық әдістемелік орталығының 2026 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес қабылданған. Осыған байланысты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, сараптау комиссиясының құрамы жасақталған. Сонымен қатар, олимпиадаға қатысатын пән мұғалімдерінің тізімі алдын ала айқындалған.

Байқаудың әділ әрі сапалы өтуін қамтамасыз ету мақсатында математика, физика, химия, биология және география пәндері бойынша тәжірибелі педагогтер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларынан құралған қазылар алқасы жұмыс істеуде. Сараптау комиссиясының төрайымы — Алматы облыстық әдістемелік орталығы директорының міндетін атқарушы Гулина Оразәлі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, олимпиадаға қатысатын педагогтердің уақытылы келуін қамтамасыз ету, жол үстіндегі қауіпсіздігін сақтау және сабақтан босату мәселелері аудандық және қалалық білім бөлімдеріне жүктелген. Қатысушылардың іссапар шығындары негізгі жұмыс орындары есебінен төленеді.

Олимпиаданың өту барысын Алматы облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Қуаныш Тоғызбаев бақылап отыр.

Айта кетейік, бұл олимпиада — өңірде мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған алғашқы ауқымды пәндік жарыстардың бірі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы білім сайыстары алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Михаила Шайдорова встретили в Астане

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области открыли класс юных полицейских

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области прошел масштабный концерт в поддержку новой Конституции

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz