Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Мемлекеттік наградалар табысталды

Республика күні Алматы облысында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жиналғандарды мерекемен құттықтап, ел дамуына сүбелі үлес қосқан өңір азаматтарына мемлекеттік және қоғамдық наградаларды табыс етті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Әкім атап өткендей, бұл марапаттар – әр салада адал еңбек етіп, туған өлкенің өркендеуіне үлес қосқан жандардың еңбегіне берілген жоғары баға.

«Еліміздің дамуы – сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің нәтижесі. Республика күні қарсаңында табыс етілген бұл марапаттар – мемлекет тарапынан еңбектеріңізге білдірілген құрмет пен алғыс», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы №1053 Жарлығына сәйкес бірқатар азаматтар мемлекеттік марапаттарға ие болды.

ІІ дәрежелі «Барыс» ордені Кеген ауданындағы «Ақтоғай» ГЭС бас директоры Тоқтарбек Баймолдаевқа табыс етілді.
«Құрмет» орденімен Қанымжан Сұлтанқұлова, Роза Абилова, Қуат Байғоджаев, Зинаш Күштекова, Бақыт Онланбекұлы, Қали Сатпаев, Динмухамед Кузиев марапатталды.
III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені Кеген ауданындағы шаруа қожалығының төрағасы Болат Аумолдаевқа берілді.

Сонымен қатар өңірдің түрлі салаларында еңбек етіп жүрген азаматтар «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен және «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Олардың қатарында дәрігерлер, ұстаздар, кәсіпкерлер, мәдениет пен әлеуметтік сала қызметкерлері бар.

Қазақстан халқы Ассамблеясының наградалары да салтанатты түрде тапсырылды. Ел бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін Гамзе Гейдаров пен Гулипа Гайипова «Бірлік» қоғамдық алтын медалімен, ал Нурмахамет Арипов, Мақсат Сейдалиев, Исмаил Байрамов Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттармен марапатталды.

Бұдан бөлек, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан он екі азаматқа «Аймаққа еңбегі үшін» төсбелгісі табыс етілді.

Іс-шара соңында облыс әкімі марапат иелеріне денсаулық, жаңа табыстар мен ел игілігі жолындағы қажырлы еңбектеріне сәттілік тіледі.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz